Жаңалықтар

Домбыраның құлағында ойнайтын кәріс бала кім?

ашық дереккөзі

Домбыраның құлағында ойнайтын кәріс бала кім?

Саран қаласының өнер мектебінде 900-ден астам бала өнердің түр-түрін меңгеріп жатыр. Олардың арасында кәріс ұлтының өкілі Артем Ким бар деп хабарлады turkystan.kz.   Ол қазақтың ұлттық аспабы – домбыраның құлағында ойнайды. Артем Ким 7 жасында домбыра шертуді, күй тартуды үйренген. Қосымша үйірмелерді таңдатқанда бірден өнер мектебіне барған. Бұл – оның жан қалауы. Содан бері ұлттық аспаппен қазақ өнерін дәріптеп келеді. «Домбыра тартқанда бойымды түрлі сезім билейді. Даланың кеңдігін сезінемін. Алғаш осы аспапты қолыма алғанда, менің бойымнан домбырам үлкен болатын. Саусақтарым жетпейтін», – дейді Артем. Түрі бөлек болғанымен жүрегі қазақ деп соққан өнерпаз ұлттық аспаптың маңызы ерекше екенін сезінеді. Қазір ол оншақты күйді еркін шертеді. Сахнада тартқан әр шығарманың авторын танып, тарихына мән береді. «Басында келгенде кәріс баласы қазақшаға судай екеніне таңғалдым. Домбыраны сол қолымен ұстады. Мен сен солақайсың ба десем, жоқ дейді. Содан үйреттік. Өте ұқыпты. Маған оның осы қасиеті ұнады. Сол жылдары Саран қаласы бойынша домбыра тартқан жалғыз өзге ұлт өкілі Артем болатын», – дейді домбыра сыныбының оқытушысы Ғабиден Әбжатов.