Қытайда ең жоғары деңгейлі төтенше жағдай жарияланды
Қытайда ең жоғары деңгейлі төтенше жағдай жарияланды
ҚХР-дың Су шаруашылығы министрлігі мен Метеорология басқармасы таулы өлкеде сел жүру қаупі туындауына байланысты қызыл деңгейлі төтенше жағдай жариялады деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.
Метеорологтердің мәліметінше, 2 шілде күні 20:00-ден бастап Гуандун провинциясының батыс бөлігі мен Гуанси-Чжуан автономды өлкесінің шығысындағы кей жерде тауда сел жүру қаупі артқан.
Жергілікті билікке бақылауды күшейту және су тасқыны, сел бола қалған жағдайда алдын ала хабарлау міндеті жүктелді. Сондай-ақ жергілікті тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшіруге дайындықты арттыруды тапсырды.
Айта кетсек, Қытайда төтенше жағдай 4 деңгей бойынша белгіленеді: көк, сары, қызыл сары және қызыл деңгей.