Еуропада маймыл шешегін жұқтырғандар үш есеге өсті

Еуропада маймыл шешегін жұқтырғандар үш есеге өсті

Еуропада маймыл шешегін жұқтырғандар үш есеге өсті
ашық дереккөзі
Кейінгі екі аптада Еуропа аймағында маймыл шешегін жұқтырғандар саны үш есе артып, 4,5 мыңнан асты деп хабарлады turkystan.kz.   Бұл туралы ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге айтты. Маймыл шешегіне шалдыққан науқастардың 90 пайызға жуығы Еуропада тіркелген.
«Менің 15 маусымдағы соңғы сөзімнен бері алты жаңа ел мен аумақтан маймыл шешегі ауруы табылғанын хабарлады. Барлығы -  31. Осы кезең ішінде жаңа жағдайлардың саны үш есе өсті және бүкіл аймақта зертханада расталған жағдай 4500-ден асып түсті», – делінген Клюге хабарламасында.
Оның айтуынша, инфекцияның көпшілігі 21 жастан 40 жасқа дейінгі адамдар арасында тіркелген. Олардың 99 пайызы - ер адамдар. ДДҰ аймақтық бюросы басшысының айтуынша, пациенттердің шамамен 10 пайызы емдеу немесе оқшаулау мақсатында ауруханаға жатқызылды. Ал бір науқас жансақтау бөліміне орналастырылды. Ол бүгінге дейін ДДСҰ-ға өлім-жітім туралы мәлімет түспегенін атап өтті.