Елордада Ұлттық домбыра күніне арналған шоу-концерт өтті

Елордада Ұлттық домбыра күніне арналған шоу-концерт өтті

Елордада Ұлттық домбыра күніне арналған шоу-концерт өтті
ашық дереккөзі
Елордада Ұлттық домбыра күніне орай «Жас домбыра» шоу-концерті өтті. Кеште танымал күйшілермен қатар әншілер де өнер көрсетті деп хабарлады turkystan.kz Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.  Жыл сайын шілденің алғашқы жексенбісіне дөп келетін, ұлттық аспабымызды ұлықтауға арналған бұл мереке 2018 жылдан бері елімізде кеңінен аталып өтіледі. Биыл елорда тұрғындары мен қонақтары бұл мерекеде «Жас домбыра» концертін тамашалады. Әйгілі күйшілер Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет пен Қазанғаптың күйлерін көрерменнің құлақ құрышын қандыра орындап, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Кеште Айгүл Үлкенбаева, Нұржан Тәжікенов сынды белгілі күйшілер мен танымал әншілер де өнер көрсетті. Олардың қатарында Жұбаныш Жексенұлы, Маржан Арапбаева, Ерболат Құдайбергенов, Қуандық Рахым, Ардақ Балажанова және Әлішер Каримов те болды. «Жас домбыра» шоу-концерті Тәуелсіздік алаңы, «Қазақ елі» монументінің алдында өтті.