Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі өтіп жатыр

ашық дереккөзі

Нұр-Сұлтанда «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі өтіп жатыр

Бүгін елордада қала күніне орай ұйымдастырылған,  «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің ашылу салтанаты өтті деп хабарлады turkystan.kz. «Барыс Арена» мұз айдынында өтіп жатқан ашылу салтанатына Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасы Самат Ерғалиев және «Қазақтелеком» АҚ басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеев қатысып, балуандарға сәттілік тіледі. Он бірінші рет өтіп жатқан дүбірлі додаға 36 балуан қатысуда. Турнир жеңімпазына 25 миллион теңге ақшалай сыйлық, алтын белбеу және алтыннан құйылған «тайтұяқ» беріледі. Ал екінші орын иегері 5,5 миллион теңге мен күміс белбеу, қола жүлдегер 1,8 миллион теңге мен қола белбеуге қол жеткізеді.