Антикор: 50 млн теңге бопсалаған журналист ұсталды (ВИДЕО)

Антикор: 50 млн теңге бопсалаған журналист ұсталды (ВИДЕО)

Антикор: 50 млн теңге бопсалаған журналист ұсталды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 50 миллион теңге пара алған журналист Махамбет Абжанды ұстағанын мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет БАҚ-та нұқсан келтіретін мәліметтер тарату қаупімен кәсіпкерлерден аса ірі көлемде ақша қаражатын бопсалаған М. Абжанның қылмыстық әрекетінің жолын кесті. 3 шілдеде жүргізілген арнайы операцияның нәтижесінде М. Абжан 50 миллион теңге алғаннан кейін ұсталып, Нұр-Cұлтан қаласы ПД УҰИ-ға қамауға алынды», - делінген ведомство хабарламасында.
Күдіктінің басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы туралы ақпарат тексеріліп жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Астана Сергек 24/7 (@astana_sergek)