«Мектебіңе домбыра сыйла» эстафетасы келесі ауданға жолданды

«Мектебіңе домбыра сыйла» эстафетасы келесі ауданға жолданды

«Мектебіңе домбыра сыйла» эстафетасы келесі ауданға жолданды
ашық дереккөзі
Түркістан облысындағы Түлкібас ауданында бастау алған «Мектебіңе домбыра сыйла» акциясы өзге аудандарға эстафета ретінде ұсынылды деп хабарлады turkystan.kz. Домбыра күніне орай түлкібастықтар «Мектебіңе домбыра сыйла» акциясын қорытындылады. Іс-шарада елуден астам жас домбырашы күй шертіп, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Енді «Мектебіңе домбыра сыйла» эстафетасы Сауран ауданына жолданды.
«Жалпы, өткен жылы Ұлттық домбыра күнінде «Домбыра үнімен бой көтерген жаңа Сауран» атты күйшілер флешмобын ұйымдастырған болатынбыз. Қазақ үшін қасиетті мекен болып есептелетін көне шаһарда өткен шараның басты мақсаты – қазақтың күйі арқылы тарихы терең, талай ғасыр бойы сырын ішіне сақтаған Сауран қалашығының жаңа таңы атқанын, енді ғана құрылған Сауран ауданының жаңа дәуірі басталғанын насихаттау еді. Биыл да бұл іс-шаралар жалғасын тауып жатыр. Эстафета аясында алған домбыраны мектеп басшыларына табыстаймыз. Әр мектепте аталған акцияны жалғастырып, ұлттық аспапты ұлықтаймыз», - дейді Сауран ауданы әкімінің орынбасары Серік Садибеков.
Айта кетсек, аталған акция Парламент мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбайдың ұсынысымен қолға алынды. Ол ауданға келген сапарында ұстаздармен кездескен халық қалаулысы ұлттық аспапты ұлықтау жөнінде ой тастаған еді. Идеяны құп көрген Састөбе ауылының А. Макаренко атындағы мектебінің түлектері акцияны алғаш болып өткізді.  width= 2021 жылдың аяғында бастау алған акция барысында Түлкібас ауданындағы мектептерге 400-ге жуық домбыра сыйға тартылды. Мектептің түлектері мен депутаттар, кәсіпкерлер, ардагер ұстаздар мен ауыл тұрғындары акцияға белсенді түрде қатысты.

Ақтөбе қаласы, №78 жалпы орта білім беретін гимназиясы

11 «А» сынып оқушысы Бабажанова Құралай