Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункттері уақытша жабық

Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункттері уақытша жабық

Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункттері уақытша жабық
ашық дереккөзі
Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы «Даут-ата» - «Тәжен» өткізу пунктінде адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу уақытша тоқтатылды. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz.
«1 шілдеден бастап өзбек әріптестерден келіп түскен ақпаратқа сәйкес, ақпараттық жүйенің істен шығуына байланысты Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы «Даут-ата» - «Тәжен» (автомобильдік) өткізу пунктінде адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу уақытша тоқтатылды. Осы ақпарат бойынша «Қарақалпақия» – «Бейнеу» бағытында темір жол қатынасы тоқтатыла тұруы мүмкін. Осыған байланысты аталған өткізу пункттері арқылы мемлекеттік шекарадан өтетін азаматтар өз маршруттарын алдын ала жоспарлауын сұраймыз. Өзбек тарапы өткізу пункттерінің жұмысын қайта бастағаны туралы қосымша хабарлайтын боламыз», - делінген ҰҚК баспасөз мәлімдемесінде.