Жаңалықтар

«AMANAT» партиясы Ақтөбе облысындағы жайылымдық жерді мемлекет меншігіне қайтарды

ашық дереккөзі

«AMANAT» партиясы Ақтөбе облысындағы жайылымдық жерді мемлекет меншігіне қайтарды

Ақтөбе облысында мемлекет меншігіне 20 мың гектардан астам жайылымдық жер қайтарылды. Бұл туралы Қобда ауданында өткен «AMANAT» партиясы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының көшпелі отырысында айтылды. «Мемлекет басшысы жерді өзі де пайдаланбайтын, өзгеге де  бермейтін жер иеленушілер бар екенін бірнеше рет айтқан болатын. Осы мәселеде әділдікті қалпына келтіру — біздің комиссияның басты міндеті. Бұл бағытта атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша бүгін Ақтөбе облысында мемлекет меншігіне 20 мың гектар жер қайтарылды. Жұмыс жалғасын табады», - деді «AMANAT» партиясының хатшысы Дәулет Кәрібек. Атап айтқанда, Байғанин ауданында – 15 мың га, Хромтау ауданында – 1,9 мың га, Қобда ауданында – 2,1 мың га, Әйтеке би ауданында – 149 га, Қарғалы ауданында – 876 га, Ақтөбе қаласында – 370 га жайылым мемлекет меншігіне қайтарылды.