Головкин «Канелоға» қатысты пікірін айтты

Головкин «Канелоға» қатысты пікірін айтты

Головкин «Канелоға» қатысты пікірін айтты
ашық дереккөзі
WBA Super, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Сауль «Канело» Альваресті мансабындағы ең мықты қарсылас ретінде есептемейтіндігін айтты деп хабарлады turkystan.kz sports.kz сайтына сілтеме жасап.
«Менің қарсыластарым арасында чемпиондар да, міндетті үміткерлер де болды. «Канелоны» олардың ең үздігі деп айтпас едім. Әрине, ол алдыңғы қатардағы және айтарлықтай мықты қарсылас, дегенмен, өздеріңіз көріп отырғандай, ол да жеңілді... Әуесқой бокста кәсіпқой боксқа өтпеген бірнеше қарсыласым болды. Олардың дағдысы мен әдіс-айласы ақылға сыймайтын. Үш раундта сенің бүкіл стиліңді түсініп, жеңіске ешқандай мүмкіндік қалдырмайтындай айқасатын», - деді Геннадий.
Айта кетсек, Головкин мен «Канелоның» үшінші жекпе-жегі 17 қыркүйекте екінші орта салмақта өтеді. Кездесу Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile Arena-да болады. Еске салсақ, 2017 жылдың қыркүйегінде Головкин мен «Канело» кездесуі тең аяқталды.  2018 жылдың қыркүйегінде С. Альварес төрешілер шешімімен қазақстандық боксшыны жеңді.