Алматыда заңсыз салынған тұрғын үйді сүру жұмыстары басталды

Алматыда заңсыз салынған тұрғын үйді сүру жұмыстары басталды

Алматыда заңсыз салынған тұрғын үйді сүру жұмыстары басталды
ашық дереккөзі
Алматыда заңсыз салынған тұрғын үй кешенін сүру басталды деп хабарлады turkystan.kz.   Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасына сәйкес, Шұғыла шағынауданындағы Байтелі батыр көшесі, 24 мекенжайында заңсыз тұрғызылған 12 қабатты тұрғын үйді бұзу мәселесі көтерілген болатын. Нәтижесінде, Қала құрылысын бақылау басқармасының талап арызы қанағаттандырылып, Алматы соты аталған нысанды бұзу туралы шешім шығарды. Сот шешімі 1 шілдеде күшіне енді. Айта кетсек, бұған дейін Қала құрылысын бақылау басқармасы нысанда тексеру жүргізіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында бірқатар заңбұзушылықты анықтаған еді. Құрылыс салушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, ескертулерді жою туралы ұйғарым шығарылды.