БҚО-да киік мүйізін сатпақ болғандар сотталды

БҚО-да киік мүйізін сатпақ болғандар сотталды

БҚО-да киік мүйізін сатпақ болғандар сотталды
ашық дереккөзі
Орал қалалық соты оларды киік мүйізін аса ірі көлемде заңсыз сатып алғаны, сақтағаны және тасымалдағаны үшін кінәлі деп тапты. Сот оларды жеті және сегіз жылға бас бостандығынан айырды деп хабарлады turkystan.kz   Сотталғандар Орал қаласында МАЗ-дың тіркемесіндегі жасырын орынға 1169 мүйіз жасырған. Оларды Ресейде сатуды жоспарлаған. Көлік қаладан шығаберісте ұсталды. Мемлекетке келтірілген шығын 2,5 миллиард теңгеге бағаланып отыр. Сотталушылардың бірі сыбайласының бұған еш қатысы жоқ екенін айтқан. Алайда мемлекеттік айыптаушы екеуінің де кінәсін дәлелдейтін айғақтар келтірді. Сондай-ақ сот сотталушылардан келтірілген шығын сомасын өндіру туралы шешім қабылдады.