Екібастұзда жалған полицейлер тұрғындардың атына кредит рәсімдеген

Екібастұзда жалған полицейлер тұрғындардың атына кредит рәсімдеген

Екібастұзда жалған полицейлер тұрғындардың атына кредит рәсімдеген
ашық дереккөзі
Павлодар облысының Екібастұз қаласында полиция қызметкерлерінің атын жамылып алаяқтық жасады деген күдікпен 3 адам ұсталды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Олардың бірі – тонау қылмысы үшін бұрын сотталған Павлодар қаласының тұрғыны. Күдіктілер келесі схема бойынша әрекет еткен: көшедегі азаматтарға өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырып, құжат тексеріп жүрміз деп алдаған. Әрі қарай олар банк қосымшаларында сәйкестендіруден өтіп, азаматтарға тауарлық немесе қолма-қол кредит ресімдеген.
«Қазіргі уақытта күдіктілердің Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында 8 фактіге қатысы бар екені анықталды. Сондай-ақ ұсталғандардан полиция қызметкерінің жалған қызметтік куәлігі тәркіленді», – деді Павлодар облысы ПД бастығы Василий Скляр.
Осы фактілер бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) және 390-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.