«Қондырғы жұмысшыларды турап тастаған»: Жамбылдағы комбинатта екі жұмысшы қаза тапты

«Қондырғы жұмысшыларды турап тастаған»: Жамбылдағы комбинатта екі жұмысшы қаза тапты

«Қондырғы жұмысшыларды турап тастаған»: Жамбылдағы комбинатта екі жұмысшы қаза тапты
ашық дереккөзі
Жамбыл облысындағы кәсіпорында қайғылы жағдай. Екі жұмысшыны фосфор ұнтақтайтын қондырғы турап тастаған деп хабарлады turkystan.kz  КТК арнасына сілтеме жасап. Сұмдық оқиға «Қазфосфат» серіктестігінің Сарысу ауданындағы бөлімшесінде болды. «Қаратау кен өндіру» комбинатындағы фосфор ұнтақтайтын қондырғыны жөндеу кезінде ол іске қосылып кеткен. Ішінде бес адам болыпты. 35 және 28 жастағы екі жұмысшы сол жерде жан тапсырды. Бейресми мәліметтерге сүйенсек, құрылғы екеуінің денесін кескілеп, бөлшектеп тастаған. Қаза тапқандар дәнекерлеуші және слесарь болып жұмыс істеген екен. Өзге үш адам жеңіл жарақат алған. Қазір осы дерек бойынша іс қозғалып, тергеу басталды.