Алматыда саябақта ойнап жүрген баланы тоқ соқты

Алматыда саябақта ойнап жүрген баланы тоқ соқты

Алматыда саябақта ойнап жүрген баланы тоқ соқты
ашық дереккөзі
Алматыда саябақта достарымен ойнап жүріп қоршауға өрмелеген баланы тоқ соқты. Қазір ол ауруханада жатыр деп хабарлады turkystan.kz.    Басқарма мәліметінше, оқушы ауруханаға ауыр халде жеткізілді.
«Тоққа түсіп қалған бала 2014 жылы туған. Дәрігерлер оқушыға алғашқы көмек көрсетіп, бірден күйік бөліміне жатқызды. Жағдайы тұрақты, орташа ауыр. Протокол бойынша ем алып жатыр», – делінген хабарламада.
Белгілі болғанындай, оқыс оқиға Алатау ауданында болған. Сегіз жасар бала жабдықталмаған саябақта достарымен ойнап жүріп қоршауға өрмелеген кезде тоқ соққан. Алатау ауданының әкімдігіндегілер ойын алаңқайын салу мәселесі бойынша жұмыс істеліп жатқанын айтты.
«Саябақты «Бюджетке қатысу» бағдарламасы бойынша жаңартуды қарастырып жатырмыз. Талап бойынша, комиссия қарап шешім қабылдауы керек. Содан кейін, тұрғындар ойын алаңын салу жобасына дауыс беретін болады», – деді Алматы қаласы Алатау ауданы әкімдігінің коммуналдық шаруашылық бөлімінің меңгерушісі Ертіс Бесіров.