Шымкентте халық игілігі үшін жаңа спорт алаңы салынды

Шымкентте халық игілігі үшін жаңа спорт алаңы салынды

Шымкентте халық игілігі үшін жаңа спорт алаңы салынды
ашық дереккөзі
AMANAT партиясының Шымкент қалалық филиалына Әл-Фараби ауданы Рашидов көшесіндегі №25Б көпқабатты үйдің тұрғындарының атынан Разия Ақылбекова келді. Ол аулаға спорт алаңын орнатып беруді сұрады. Өтініш берушінің мәселесімен AMANAT партиясы Шымкент қалалық, Әл-Фараби аудандық филиалы толыққанды танысып шықты. Мәселені қарай келе, Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мамытұлының ықпалымен Рашидов көшесі №25Б үйдің ауласына спорт және тренажерлар мен воркаут алаңдары орнатылатын болып шешілді. 2022 жылдың маусым айында №25Б көпқабатты үйдің ауласына спорт және тренажерлар мен воркаут алаңдары орнатылып, тұрғындардың өтініші орындалды. Мәселе оң шешімін тапты.