Шымкентте халық игілігі үшін жаңа спорт алаңы салынды
Шымкентте халық игілігі үшін жаңа спорт алаңы салынды
AMANAT партиясының Шымкент қалалық филиалына Әл-Фараби ауданы Рашидов көшесіндегі №25Б көпқабатты үйдің тұрғындарының атынан Разия Ақылбекова келді. Ол аулаға спорт алаңын орнатып беруді сұрады.
Өтініш берушінің мәселесімен AMANAT партиясы Шымкент қалалық, Әл-Фараби аудандық филиалы толыққанды танысып шықты. Мәселені қарай келе, Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мамытұлының ықпалымен Рашидов көшесі №25Б үйдің ауласына спорт және тренажерлар мен воркаут алаңдары орнатылатын болып шешілді.
2022 жылдың маусым айында №25Б көпқабатты үйдің ауласына спорт және тренажерлар мен воркаут алаңдары орнатылып, тұрғындардың өтініші орындалды. Мәселе оң шешімін тапты.