Елордада шетелдіктер медициналық тексеруден қалай өтеді?

Елордада шетелдіктер медициналық тексеруден қалай өтеді?

Елордада шетелдіктер медициналық тексеруден қалай өтеді?
ашық дереккөзі
Қазіргі кезде бас қаламызда шетел азаматтарының, көршілес Ресей мемлекетінен көшіп-келушілердің қатары артқан. Олардың басым бөлігі - елордаға турист ретінде, ал кейбіреулері жұмыс іздеп келгендер. Шет елден келген азаматтардың бәрі медициналық тексеруден өтуге міндеттелген. Олар елордадағы бірқатар емханада Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат алу үшін медициналық тексерістен өте алады. Бұл анықтама еліміздің аумағында уақытша немесе еркін жүріп-тұруға рұқсат алу мақсатында және ҚР азаматтығын алуға ниет білдіргендер үшін ресімделеді. Елордадағы №1 қалалық емхананың ақылы қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Г. Туралинова аталған мекеменің шетелдік азаматтарға медициналық куәландыру нәтижелерін беретін медициналық ұйымдар арасында алғашқылардың бірі екенін айтады.
«Медициналық куәландыру ерікті түрде және ақылы негізде қамтамасыз етіледі. Азаматтардың мақсаттары түрлі және міндетті түрде еңбек қызметімен байланысты болмауы мүмкін. Біздің мекемеде пациенттерді қабылдау дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 8.00-ден 16.00-ге дейін жүргізіледі. Ал анықтаманың құны 3 700 теңгені құрайды. Әдетте, басқа медициналық ұйымдардағы шығындар өз қалауы бойынша белгіленеді», ­– дейді Г.Туралинова.
Шетелдік тұлғаға жүгіну кезінде төлқұжат (ЖСН), көші-қон картасын немесе жұмыстың рұқсат қағазын ұсыну қажет. Емхананың тіркеу орнында пациенттің медициналық картасы толтырылады және медициналық комиссиядан өтуге медициналық бланк беріледі. Анықтама 1 күнтізбелік ай бойы жарамды. Айта кетсек, толық ақпарат алу және емханаға жазылу үшін Нұр-Сұлтан қаласының №1 қалалық емханасының CALL орталығына (8 7172 39 99 78) хабарласуға болады.