Алматыда «сөйлейтін» дрон ұшып жүр

 Алматыда «сөйлейтін» дрон ұшып жүр

 Алматыда «сөйлейтін» дрон ұшып жүр
ашық дереккөзі

Алматы Төтенше жағдайлар департаменті Сайран көлінің үстінен дрон ұшырды. Енді демалушыларға суға түсу ережесін ұшып жүрген дрон айтып, көрсетіп бере алады деп хабарлады turkystan.kz.

Ведомстводағылар аптап ыстық басталғалы көл маңында шомылушылар көбейгенін айтты. Рейд жүргізгенде су айдындарында алкоголь ішіп жүретіндер жиі тіркелген.
«Суға түсу маусымы басталғалы Сайран көлінде 8 адам құтқарылды. Оның екеуі – бала. Сондай-ақ маусым айынан бері белгіленбеген жерлерде шомылғаны үшін және су айдындарының маңында алкоголь ішкені үшін 26 тәртіп бұзушыға жалпы сомасы 100 мың теңгеден астам айыппұл салынды», – деп мәлімдеді қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Алматылық құтқарушылар көпфункциялы дронның көмегімен қашықтан адамдардың әрекетін немесе басқа да жағдайларды көре алатыны бұған дейін хабарланған еді. Арнайы дрон өрттің шығу орнын, сонымен қатар тәртіп бұзушыларды анықтауға мүмкіндік береді.
«Дрон таулы аймақта демалушылар көп болатын демалыс күндері ұшады. Ұшу қашықтығы – жеті шақырым», – дейді Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Самат Асайынов.