«Қазатомөнеркәсіп» басқарма төрағасы қызметін босатты

«Қазатомөнеркәсіп» басқарма төрағасы қызметін босатты

«Қазатомөнеркәсіп» басқарма төрағасы қызметін босатты
ашық дереккөзі
«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ компаниясының басқарма төрағасы - директорлар кеңесінің мүшесі Мәжит Шәріпов 2022 жылдың 4 шілдесінен бастап қызметінен өз еркімен кететіні туралы мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Компанияның Директорлар кеңесі «Қазатомөнеркәсіп» басқарма төрағасы қызметіне кандидатураны іріктеу кезеңінде өндіріс жөніндегі бас директор Ержан Жанәбілұлы Мұқанов басқарма төрағасының міндетін атқаратын болады.
«Компаниядағы жеті жылдық жұмыс кезеңінде атом саласында мол кәсіби тәжірибесі бар Шәріпов мырза мықты көшбасшылық қасиеттерін және ұзақ мерзімді құндылықты құруға бағытталған компания стратегиясына бұлжымас адалдығын көрсетті», - деді Қазатомөнеркәсіптің директорлар кеңесінің төрағасы Нил Лонгфеллоу.
Мәжит Шәріпов компанияның болашағы зор екеніне сенім білдіріп, бірге жұмыс істеген әріптестеріне алғысын білдірді.
 «Стратегиялық маңызды атом саласында Компанияны басқару мен үшін үлкен мәртебе болды. Мен атом саласының болашағы зор екеніне және Компания еліміздің және барлық стейкхолдерлердің мүддесі үшін одан әрі дами беретініне сенімдімін. Қазатомөнеркәсіптің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында Компанияның мыңдаған ұжымының әрбір қызметкеріне олардың қажырлы еңбегі мен өз ісіне шын берілгендігі үшін зор алғыс айтқым келеді. Сондай-ақ, бірге қызмет істеген Компанияның Басқарма құрамына және үнемі қолдау көрсеткені үшін Директорлар кеңесіне де алғысымды білдіремін», - деді Шәріпов.