Қазақстан «Сары» аймаққа өтсе қандай шаралар қолданылады?

Қазақстан «Сары» аймаққа өтсе қандай шаралар қолданылады?

Қазақстан «Сары» аймаққа өтсе қандай шаралар қолданылады?
ашық дереккөзі
Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстанда коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті деп хабарлады turkystan.kz. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният маусым айының ортасынан бері елде коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші өскенін мәлімдеді. Хабарламада өткен аптамен салыстырғанда коронавирус жұқтыру 2,9 есеге артқаны және 6 ай бұрын вакцинацияланғандар мен мүлдем вакцина салдырмағандардың 80%-ына дейін жұқтырғаны айтылады. Елімізде COVID-19 вирусын жұқтырудың өсуін ескере отырып, Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия облыс эпидемиологиялық қауіптің «сары» аймағына өткен жағдайда қосымша шаралар қабылдау туралы шешім қабылдады:
  • науқаспен жақын байланыста болған адамдарды қашықтан жұмысқа ауыстыру;
  • COVID-19 вакцинациясына абсолютті қарсы көрсеткіштері бар қызметкерлерді және жүкті әйелдерді онлайн жұмысқа ауыстыру;
  • жабық мекемелерде, қоғамдық көліктерде міндетті түрде маска тағу;
  • 10 адамнан асатын жиындарды онлайн форматқа көшіру ұсынылады.
Сонымен қатар эпидемиологиялық қауіпті аймаққа қарамастан әуеде, темір жол көлігінде, халықаралық автобустарда маска тағу ұсынылады. Жиын соңында Тоғжанов өңір басшыларына коронавирус инфекциясына қарсы екпе науқанын күшейтуді, вирус жұқтырғандар саны көбейген жағдайда қажет кадрлармен, дәрі-дәрмекпен және төсек-орынмен қамтамасыз етуді ерекше бақылауға алуды тапсырды. Сонымен қатар халық арасында түсіндіру жұмысын сапалы жүргізу қажет. Еске салсақ, өткен тәулікте (30 маусым) коронавирус инфекциясының 189 жаңа жағдайы тіркелді. Аурудың өсуі негізінен Алматы және Нұр-Сұлтанда байқалды. Отырыс соңында Е. Тоғжанов облыс әкімдеріне коронавирус инфекциясына қарсы егу науқанын күшейтуді, сырқаттанғандар көбейген жағдайда кадрлармен, дәрі-дәрмек қоры және төсек орындарымен қамтамасыз етуді ерекше бақылауға алуды тапсырды. Сондай-ақ халық арасында сапалы түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігін ескертті.