«Маған еш қатысы жоқ»: Шымкент әкімі мәлімдеме жасады

«Маған еш қатысы жоқ»: Шымкент әкімі мәлімдеме жасады

«Маған еш қатысы жоқ»: Шымкент әкімі мәлімдеме жасады
ашық дереккөзі
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов қаланы абаттандыру мәселесіне тоқталды деп хабарлады turkystan.kz.
«Шымкент, бақытымызға орай, қоқысқа батып жатқан жоқ, бірақ 6 ай бойы қызмет көрсететін компания анықталмады», – деді Әйтенов қоқыс мәселесі туралы  сауалға жауап бере отырып.
Сонымен қатар ол жаңадан белгіленген компанияның өзіне еш қатысы жоқ екенін жеткізді.
«Жасыл жер» ЖШС-нің менімен еш байланысы жоқ, ресми түрде мәлімдеймін. Сот қалада жұмыс істейтін компанияны анықтады. Бүгінгі күні сот шешімімен бұл компания жаңадан жұмысын бастады. Ол қалай жұмыс істейді, біз кейінірек бағалаймыз. Сапасыз болса, жауапкершілікке тартамыз, осындай компаниялар тізіміне қосамыз. Өткен жылы бұл тізімге екі компания кірді», – деді Шымкент әкімі.