Темекі бағасы тағы қымбаттады

Темекі бағасы тағы қымбаттады

Темекі бағасы тағы қымбаттады
ашық дереккөзі
Елімізде темекінің минималды бағасы өсті. Елде темекі тартатындардың қатарын азайту үшін Қаржы министрлігі осындай шара қабылдап отыр деп хабарлады turkystan.kz «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап. 1 шілдеден бастап 20 папиростан тұратын темекінің стандартты қорабы кемі 570 теңге тұрады. Бұл баға жыл соңына дейін сақталмақшы. Ал 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 600 теңгеге дейін көтеріледі. Салыстырмалы түрде айтқанда, өткен жылы оның құны 520 теңге болған. Ал жыл басынан бері минималды баға 550 теңгені көрсетті. Яғни бір жылда темекі орта есеппен 50 теңгеге қымбаттады.