СІМ-де болашақ дипломаттарға үндеу жазылған «уақыт капсуласы» қойылды

СІМ-де болашақ дипломаттарға үндеу жазылған «уақыт капсуласы» қойылды

СІМ-де болашақ дипломаттарға үндеу жазылған «уақыт капсуласы» қойылды
ашық дереккөзі
Тәуелсіз Қазақстан дипломатиялық қызметінің 30 жылдығы аясында Сыртқы істер министрлігі ғимараты алдындағы алаңда болашақ дипломаттарға үндеу жазылған уақыт капсуласын салу рәсімі өтті деп хабарлады turkystan.kz. Бұл капсуланы 30 жылдан кейін 2052 жылғы 1 шілдеде, отандық дипломатия өзінің 60 жылдық мерейтойын атап өтетін кезде ашуы тиіс. Іс-шара барысында Премьер-министрдің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді болашақ дипломаттар өздерінің ізашарларының ісін лайықты жалғастырып, елдің ұлттық мүдделерін қорғау және ілгерілету жолында аянбай еңбек ететініне сенім білдірді. Мұхтар Тілеуберді Жиынға қатысушылардың алдында сөз сөйлеген дипломатия саласының құрметті ардагері, белгілі мемлекет қайраткері Қуаныш Сұлтанов 30 жылдан кейін қазақстандық дипломатия бұдан да үлкен жетістіктерге жетіп, еліміздің халықаралық аренадағы беделін нығайтуға үлес қосатынына сенім білдірді.  width= Капсуладағы болашақ дипломаттарға арналған үндеуде Қазақстанның 30 жылдағы әлемдегі ұстанымы, қазіргі дипломаттар мен Қазақстанның дипломатиялық қызметі ардагерлерінің қоштасу сөздері мен тілектері жазылған. Арнайы орнатылған тұғырға капсуланы салу құрметті миссиясы жас дипломаттар – Еуропа департаментінің атташесі Алтынай Дәрібаева мен Адами ресурстар департаментінің атташесі Дамир Ахметовке жүктелді. Салтанатты іс-шараға СІМ басшылығы, Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің ардагерлері, қазіргі дипломаттар және министрлікте ұйымдастырылған «Халықаралық қатынастардың қазіргі заманғы жүйесіндегі Қазақстан Республикасы» атты халықаралық конференциясының басқа да қатысушылары қатысты.  width=