Жаңалықтар

СІМ-де болашақ дипломаттарға үндеу жазылған «уақыт капсуласы» қойылды

ашық дереккөзі

СІМ-де болашақ дипломаттарға үндеу жазылған «уақыт капсуласы» қойылды

Тәуелсіз Қазақстан дипломатиялық қызметінің 30 жылдығы аясында Сыртқы істер министрлігі ғимараты алдындағы алаңда болашақ дипломаттарға үндеу жазылған уақыт капсуласын салу рәсімі өтті деп хабарлады turkystan.kz. Бұл капсуланы 30 жылдан кейін 2052 жылғы 1 шілдеде, отандық дипломатия өзінің 60 жылдық мерейтойын атап өтетін кезде ашуы тиіс. Іс-шара барысында Премьер-министрдің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді болашақ дипломаттар өздерінің ізашарларының ісін лайықты жалғастырып, елдің ұлттық мүдделерін қорғау және ілгерілету жолында аянбай еңбек ететініне сенім білдірді. Жиынға қатысушылардың алдында сөз сөйлеген дипломатия саласының құрметті ардагері, белгілі мемлекет қайраткері Қуаныш Сұлтанов 30 жылдан кейін қазақстандық дипломатия бұдан да үлкен жетістіктерге жетіп, еліміздің халықаралық аренадағы беделін нығайтуға үлес қосатынына сенім білдірді.