72 000 теңге жәрдемақыны кімдер алады?

72 000 теңге жәрдемақыны кімдер алады?

72 000 теңге жәрдемақыны кімдер алады?
ашық дереккөзі

Әлеуметтік желілерде Тоқаевтың денсаулық сақтау, білім беру салаларында жұмыс істейтін адамдарға және отставкадағы полицейлерге 72 000 теңге жәрдемақы төлеу туралы Жарлыққа қол қойғаны туралы жарнама тарады деп хабарлады turkystan.kz.

Stopfake.kz сайтының мәліметінше, бұл – жалған ақпарат. Хабарламада басты назар аударарлық жайт – оның ресми сайтта немесе БАҚ-та емес, белгісіз аккаунтта жарияланғандығы. Президенттің ресми сайтында 72 000 теңге мөлшеріндегі біржолғы төлем туралы Жарлық жоқ. Мұндай әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпарат Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің де ресми сайтында жазылмаған.