Алматыда жас күйшілер байқауы өтеді

Алматыда жас күйшілер байқауы өтеді

Алматыда жас күйшілер байқауы өтеді
ашық дереккөзі

Алматы облысында 6 шілде күні республикалық «Үкілі домбыра» атты жас күйшілер байқауы өтеді деп хабарлады turkystan.kz.

Аталған байқауды Ішкі саясат басқармасы, облыстық «Рухани жаңғыру» орталығы ұйымдастырып отыр. Шараның басты мақсаты –  қазақ халқының ұлттық өнерін ұлықтап, мәдени дәстүрін насихаттау, күй жанрының дамуына серпін берумен қатар, жас домбырашылардың орындаушылық шеберлігін жетілдіру арқылы ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру. Байқау 2022 жылғы 6 шілде күні, сағат 10.00-де басталады.