Жаңалықтар

«6 шілдені тойлауды қайта қарау керек» – депутат

ашық дереккөзі

«6 шілдені тойлауды қайта қарау керек» – депутат

Сенат депутаты Ақмарал Әлназарова Елорда күнін тойлауды қайта қарау екенін айтты деп хабарлады turkystan.kz. Осы кезге дейін бұл мереке 6 шілде күні тойланып жүрген еді. «Елорда күні қажет. Неге оны қайта қарастырмасқа? Бұл – болашақтың ісі, оны кейбір тарихи даталарға тікелей байланыстыру керек», – деді депутат. Сондай-ақ, депутат Тұңғыш Президент күнін мерекелеу мәселесі де қарастырылатынын атап өтті. «Бұл мәселе шешіледі. Мереке қайта форматталуы мүмкін. Бірақ, жалпы алғанда, иә, бұрындағы авторитарлық тетіктер маңыздылығын жойды», – деді Ақмарал Әлназарова.