Елена Рыбакина Уимблдонда US Open чемпионын ұтты

Елена Рыбакина Уимблдонда US Open чемпионын ұтты

Елена Рыбакина Уимблдонда US Open чемпионын ұтты
ашық дереккөзі
Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің үшінші айналымына шықты деп хабарлады turkystan.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 56-ракеткасы, 2019 жылғы US Open чемпионы, канадалық Бьянка Андреескумен кездесті. Е. Рыбакина бірінші партияда 6:4 есебімен басым түсті. Екінші сетте тай-брейкте матчболын сәтті пайдалана білді – 7:6 (7:5). Жарты сағаттан астам уақытқа созылған бәсекеде Елена 4 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жібермеді. Е. Рыбакина төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 52-ракеткасы, қытайлық Синвэнь Женмен таласады. Ол бельгиялық Гретье Минненді жолдан тайдырды – 6:4, 6:1. Айта кетсек, бұған дейін әлемнің 160-ракеткасы, қазақстандық Михаил Кукушкин Уимблдон турнирі іріктеу сайыстарының финалына шықанын, теннисшінің жарысты сәтті бастағанын жазған болатынбыз. Уимблдон жасөспірімдер турнирінде тағы бір қазақстандық теннисші өнер көрсетеді. Қазақстандық жас теннисші Уимблдонда алғашқы жеңісіне қол жеткізді.