Маңғыстау облысында шенеуніктер 637 миллион теңге жымқырған

Маңғыстау облысында шенеуніктер 637 миллион теңге жымқырған

Маңғыстау облысында шенеуніктер 637 миллион теңге жымқырған
ашық дереккөзі
Жаңаөзен қаласындағы коммуналдық мекеменің бірінде жарты миллиард теңгеден астам қаржы қолды болған деп хабарлады turkystan.kz  «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап. Прокуратура 3 жылғы бюджеттің жұмсалуын тексерген кезде осыны анықтады. Атап айтсақ, 2019 жылдан бері шенеуніктер 637 миллион теңгені жымқырған.
«2022 жылдың 2-тоқсанында Жаңаөзен прокуратурасымен мемлекеттік коммуналдық мекемесі - «Өзен инвестте» бірқатар тексерулер жүргізілді. Бүгінгі таңда көптеген қаржылық құжаттарды зерделеу барысында осы мекеменің лауазымды тұлғаларымен 640 млн-ға жуық ақша талан-таражға салынған. Осы мекеменің 9 қызметкеріне өздерінің жалақыларынан жоғары көлемде қаражат аударған. Одан басқа, бірнеше бизнес субьектілеріне тиісті жұмыстың атқарылғаны жөнінде актілер жасақтамай, құжаттар жасақтамай, мемлекеттің ақшасын жымқыру, талан-таражға салу барысында қаражаттардың заңсыз аударылғаны анықталды», – деді облыс прокурорының орынбасары Ержан Тұрмағанбетов.