Әлемнің 110 елінде коронавирустың таралу көрсеткіші өсті

Әлемнің 110 елінде коронавирустың таралу көрсеткіші өсті

Әлемнің 110 елінде коронавирустың таралу көрсеткіші өсті
ашық дереккөзі
Әлемнің 110 елінде коронавирус індеті өскен. Бұл туралы turkystan.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК телеграм каналына сілтеме жасап хабарлады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бас директоры Тедрос Адан Гебрейюс бүкіл әлемде коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіштерінің жоғарылай түскенін, 110 елде инфекцияның өсуі байқалғанын айтты. Оның сөзіне қарағанда, омикрон штамдарының BA.4 және ВА.5 түрлерінің таралу әсерінен жағдай 110 мемлекетте күрделеніп отыр, пандемия аяқталған жоқ.
«Жүздеген миллион адам, соның ішінде денсаулық сақтау қызметкерлері мен табысы төмен елдердегі қарттар вакциналаудан қалыс қалуда, бұл оларды вирустың болашақ толқындарына осал әсер етеді», – деді ДДҰ басшысы.
Сондай-ақ ол бүкіл әлемде COVID-19 ауруы 20%-ға өскенін, ал ДДҰ қатысатын аймақтардың жартысында коронавирус салдарынан болатын өлім-жітім санының да көбейгенін атап өтті.