Дүйсенбі, 20 Наурыз, 2023

1 шілдеден бастап ХҚКО жұмыс кестесі өзгереді

Қазақстанда Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі 1 шілдеден бастап өзгереді деп хабарлады turkystan.kz.        

Енді Халыққа қызмет көрсету орталықтары мереке күндерін қоспағанда, сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді. Жұмыс күндері олардың жұмыс кестесі өзгеріссіз қалады. 9.00-ден 20.00-ге дейін. ХҚКО-ның қалған бөлімдері дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін стандартты кесте бойынша жұмысын жалғастырады.

Қазақстандықтар, сондай-ақ, «ХҚКО» қосымшасы арқылы, бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөмірі бойынша, eGov порталында, EgovKzBot2.0 телеграм-ботында, Egov mobile қосымшасы арқылы ХҚКО-ға кезекті алдын ала броньдай алады.

Жаңа жұмыс кестесі Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысының тиімділігін арттырады.

Кезекші ХҚКО-лар тек облыс орталықтарында ғана бар. Ұлытау және Жетісу облыстарында олар кейінірек анықталады.

 

     

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button