Түркістан облысында 755 тұрғынды қаңғыбас ит қапқан
Түркістан облысында 755 тұрғынды қаңғыбас ит қапқан
Түркістан облысында жыл басынан бері 3580 азамат әртүрлі жануарлардан жарақат алған. Оның ішінде 755 азамат қаңғыбас иттен зардап шеккен деп хабарлады turkystan.kz.
Өңірде мысықтан, жылқыдан, уақ малдан да теперіш көргендер бар.
Мәселен, 120 тұрғын мысықтан, 49 адам жылқыдан, 9 адам уақ малдан зардап шеккен.
Сондай-ақ 68 азамат басқа да жануарлардан зәбір көріпті.
«Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының эпидемиологтары ветеринариялық қызмет мамандарымен бірлескен шараларды жүзеге асырып, орын алған ошақтарда тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 20 жануар құтыру ауруына күдікті ретінде тексеріліп, оның біреуі оң нәтиже берді. Аса қауіпті жұқпалы ауралардың алдын алу шаралары Түркістан облысы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қатаң бақылауында», - деді департаменттің баспасөз хатшысы Ардақ Берден.