Жаңалықтар

Димаш Құдайберген Алматыда концерт береді

ашық дереккөзі

Димаш Құдайберген Алматыда концерт береді

 23 қыркүйек күні Алматыда Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді деп хабарлады turkystan.kz.         Бұл туралы Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасында жазды. «2022 жылғы 23 қыркүйекте Алматы қаласында «Stranger» атты концертім өтеді! Бұл менің оңтүстік астанада ұйымдастырылатын алғашқы жеке шығармашылық кешім. Шоу Қазақстандағы ең ірі спорт ғимараттарының бірі  – орталық стадионда өтеді. Құрметті тыңдармандарыммен туған елімде қайта кездесетініме қуаныштымын. Сіздерді асыға күтемін! Билеттерді сатудың басталғаны туралы қосымша хабарлаймыз. Ақпаратты өткізіп алмаңыз!» – деді Димаш Құдайберген.