Жаңалықтар

«13 миллион теңге шығын келді»: заңсыз аң атқан браконьер ұсталды

ашық дереккөзі

«13 миллион теңге шығын келді»: заңсыз аң атқан браконьер ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында браконьерлік фактілерінің жолын кесу бойынша рейдтік шаралар өтуде. Жыл басынан бері жабайы аңдарды заңсыз аулау бойынша 11 факті анықталды деп хабарлады turkystan.kz. Аққожа ауылының 38 жастағы тұрғыны заңсыз арқар мен күзен аулаған. Оқиға Аягөз ауданы Тарбағатай ауылдық округінің аумағында болған. Браконьер аңдарды 28 калибрлі тіркелмеген тегіс ұңғылы қарумен атқан. Қоршаған ортаға 13 миллион теңгеден астам шығын келген. Іс жүзінде Қылмыстық кодекстің 337-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Яғни, жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін заңсыз аулау. «Санкция 6 мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуды немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не мүлкiн тәркiлеумен 3 жылдан 6 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруды көздейді. 7 жылға дейін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығы жоқ», – делінген Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті хабарламасында.