Жаңалықтар

Атырауда бес жасар егіз қыздар терезеден құлап кетті

ашық дереккөзі

Атырауда бес жасар егіз қыздар терезеден құлап кетті

Атырауда 5 жасар егіздер үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Олар жансақтау бөлімінде жатыр деп хабарлады turkystan.kz. «27 маусымда сағат 22:10-да "Нұрсая" ықшамауданында ересектердің қарауынсыз (анасы көрші бөлмеде болған) торға сүйеніп отырған 2017 жылғы егіз қыз үшінші қабаттағы терезеден құлап кеткені хабарланды. Олар ауыр жарақаттармен облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды», - делінген хабарламада. Құтқарушылардың айтуынша, көбінесе 5 жасқа дейінгі балалар (80% жағдайда) осындай оқиғалардың құрбаны болады. Көп жағдайда терезеден құлау ересектердің салғырттығынан және жиһаздың терезеге жақын орналасуынан болады.