«ӨКМ Операторының» құрылтайшысына іздеу жарияланды

«ӨКМ Операторының» құрылтайшысына іздеу жарияланды

«ӨКМ Операторының» құрылтайшысына іздеу жарияланды
ашық дереккөзі
«ӨКМ Операторы» ЖШС құрылтайшысы Шнар Муктароваға іздеу жарияланды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Агенттіктің мәліметінше, «ӨКМ Операторы» ЖШС басшылығына және басқа да тұлғаларға қатысты аса ірі мөлшерде ақша жымқыру белгілері бойынша тергеу жалғасып жатыр.
«Қылмыстық іс аясында 2017-2018 жылдар аралығында Экологиялық кодекс талаптарын бұза отырып, оған 920 миллион теңге мөлшерінде дивиденд түрінде заңсыз төленген утильалым қаражатын иеленген «ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы құрылтайшысы Шнар Муктарова күдікке ілінді», – делінген хабарламада.
Шнар Муктароваға қатысты сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Сондай-ақ, іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері туралы ақпарат бергені үшін 4 000 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін сыйақы көзделген. call-центр 1424 +7 (7172) 909 260 Шнар Муктарова