Жаңалықтар

Ерейментауда біз білмейтін қандай балбал тастар бар?

ашық дереккөзі

Ерейментауда біз білмейтін қандай балбал тастар бар?

Геральдикалық зерттеулер орталығы Ерейментаудағы балбал тастарға экскурсия ұйымдастырды деп хабарлады turkystan.kz. Көнеден қалған тарихи ескерткіштерді көпшілікке насихаттау, қазақ геральдикасының арғы-бергі тарихын білу мақсатында ұйымдастырылған рухани-танымдық сапар Ерейментау ауданына қарасты Қарағайлы ауылында өтті. Экскурсияға қатысушыларды аудан әкімі Абай Еламанұлы арнайы қарсы алды. Ол Ерейментау тарихын насихаттауда бұл сапардың маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға ризашылығын білдірді. Елордадан барған қонақтар этнограф Манап Бектасұлы, аудандық мәслихат хатшысы Медеу Ерболұлымен бірге VI-VII ғасырлардағы түркі қағанатына тән «Қос батыр кешені», «Қарағайлы-1», «Қарағайлы-2» тас ескерткіштері мен «Мұртты» қорғанды тамашалады. Сапар аясында қатысушылар  мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілерді насихаттау және оларды қолданудың нормативтік-құқықтық жүйесін бақылау мақсатында Ерейментау аудандық жергілікті басқару органдары қызметкерлерімен кездесу өткізді. «Ел рәміздері – еркіндік нышаны» атты кездесуге белгілі сәулетші, Елтаңба авторы, профессор Жандарбек Мәлібекұлы, Геральдикалық зерттеулер орталығы директоры Асылбек Байжұмаұлы, Ерейментау ауданы әкімі Абай Еламанұлы, аудандық мәслихат хатшысы, депутат Медеу Ерболұлы, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Төлеген Әжібайұлы, аудандық мәдениет үйі басшысы Сайлау Қабыкенұлы, тарихшы, этнограф Манап Бектасұлы сияқты ауданның зиялы қауым өкілдері мен журналистер қатысты.