Ақтауда қоғамдық көліктер 100 пайызға жаңарды

Ақтауда қоғамдық көліктер 100 пайызға жаңарды

Ақтауда қоғамдық көліктер 100 пайызға жаңарды
ашық дереккөзі
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Облыс орталығындағы автобустардың бір бөлігі соңғы рет 2011 жылы жаңартылған. 2020 жылға дейін қаладағы автобус маршруттарының орнына ескі үлгідегі көліктер болды. 2020 жылы Маңғыстау облысы және Ақтау қаласы әкімдіктерінің қолдауымен «Каспий» ӘКК АҚ-на «Қазақстан Даму Банкі» АҚ-ның лизингтік бағдарламасы арқылы 18 дана жаңа автобус сатып алынып, №3, №7 маршруттарына қызмет көрсетуге берілді. Сондай-ақ 2021 жылдың ақпан айында қаланың №5, №4 маршруттарын жаңарту мақсатында, тасымалдаушы мекеме өз тарапынан 20 автобус әкеліп, қолданысқа берді. Осылайша қаладағы қоғамдық көліктердің 70%-ы жаңарған. Жоспар бойынша, қалған №2, №4 маршруттардың автобустарын жаңарту мәселесі күн тәртібінде тұр. Аталған мәселені шешу бойынша Маңғыстау облысы және Ақтау қаласы әкімдіктерінің қолдауымен «Каспий» ӘКК АҚ-ы арқылы 16 дана жаңа автобус сатып алу үшін экономикалық негіздеме дайындалды. Оның алғашқы 20% жарнасы мемлекет бюджетінің есебінен төленіп, автобустардың 12 данасы маусым айында қалаға жетті. Бұл қоғамдық көліктер табиғаты континентальды Маңғыстау жеріне бейімделген. Көліктердің ерекшелігі - жазды күндері мұздатқыштарын пайдалануға болады, сондай-ақ желісіз вай-фай, онлайн төлем жасауға валидаторлар орнатылған, мүгедектерге арналған пандустарымен, ең бастысы, жолаушылар қауіпсіздігі үшін 4 бейнекамерамен жабдықталған. 3 бейнекамера автобустың ішінде, 1-еуі сыртында орналасқан. Автобустардағы бейнекамералар облыстық Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына тікелей қосылады.  Бұл қоғамдық көліктер 56 жолаушыға арналған.