Атырауда есірткі таратуды ұйымдастырған өзбекстандық әйел ұсталды

Атырауда есірткі таратуды ұйымдастырған өзбекстандық әйел ұсталды

Атырауда есірткі таратуды ұйымдастырған өзбекстандық әйел ұсталды
ашық дереккөзі
Атырауда есірткі притонын ұйымдастырған өзбекстандық әйел ұсталды деп хабарлады turkystan.kz.   Полиция жедел іздестіру нәтижесінде, Атырау қаласы аумағында есірткіні заңсыз сақтаумен айналысқан әйелді ұстады. Тексеру барысында 1998 жылғы  әйел Өзбекстан азаматы екені белгілі болды. Әйелдің жалдамалы пәтерін тінту кезінде ұнтақ салынған 2 полиэтилен пакет, өсімдік тектес қағаз түйіншек пен синтетикалық есірткіні қолдануға арналған шыны құрылғылар табылды. Айғақ ретінде тіркеуге алынған заттар тәркіленді. Сот сараптамасы заттардың психотроптық заттар есірткі, яғни марихуана екенін анықтады. Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.