Эстонияда маймыл шешегі анықталды

Эстонияда маймыл шешегі анықталды

Эстонияда маймыл шешегі анықталды
ашық дереккөзі
Эстонияның Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, елде маймыл шешегін жұқтырған алғашқы жағдай тіркелген деп хабарлады turkystan.kz. Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хабарлауынша, науқас ауруды шетелде жүргенде жұқтырған. Ол Эстонияда ешкіммен жақын қарым-қатынаста болмаған. Індетті жұқтырған орта жастағы ер адам. Айта кетсек, маймыл шешек вирусын жұқтырған адамның қызуы көтеріліп, тұла бойы қалтырап, ауырады. Дерт ушықса, адамның денесі мен беті бөртіп кетеді. Мамандардың сөзінше, бұл инфекция шешек ауруына ұқсайды, бірақ оған қарағанда жеңіл өтеді.