Саяси партиялар арасында белсенділік артады – Мәлік ҚҰЛШАР, Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі

Саяси партиялар арасында белсенділік артады – Мәлік ҚҰЛШАР, Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі

Саяси партиялар арасында белсенділік артады – Мәлік ҚҰЛШАР, Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі
ашық дереккөзі
Жаңа Қазақстан тұжырымына сай «AMANAT» партиясы өз­герістерге бет бұрды. Жаңару мен жаңғыру жолын таң­­­даған партия ха­лық пен билік арасында алтын арқау бола отырып, ашық­тық саясатын басты орынға қойды. Нақты іске көш­­кен партия мүшелері халықпен жиі жүздесіп, олар­дың мұң-мұқ­тажын дер кезінде билікке жеткізіп жүр. Жақында осындай үлкен кез­десулерден оралған Мә­жіліс депутаты Мәлік ҚҰЛШАРҒА Túrkistan ха­лық­ара­лық газеті бірнеше сауал жолдаған болатын. – Партия трансформацияға ұшырап, үлкен өзгерістерді бас­тап жатыр. Бұл саяси жүйеге жә­не өзге партияларға қалай әсер ете­ді? – «AMANAT» партиясы өзінің соң­ғы съезінде қабылдаған шешімдеріне сәй­кес, өз жұмысында өзгерістерді бас­тап кетті. Мәселен, әртүрлі бағыт­тар бойынша құрылған партия жа­нын­дағы қоғамдық кеңестер саны қыс­қартылды. Алыс шалғайдағы ауыл­дардағы тұрғындардың мәсе­ле­лерін анықтау мақсатында мобильді қоғамдық қабылдаулар жүргізіле бастады. Парламент Мәжілісінде ар­найы қо­ғамдық қабылдау бөл­месі ашылды. Аймақтық филиал­дар­ды жаңа кадрлармен нығайту, пар­тия жұмысына жас буынды тарту жал­ғасып жатыр. Қазақстанда ресми тір­ке­ліп жұмыс істейтін басқа пар­тиялар да ұйымдастыру, аймақтармен жұ­мыс­тарын жандандыруды бас­та­­ды. Бұл саяси партиялар ара­сын­дағы белсенділікті арттыратыны сөзсіз. – Парламенттің пәрмені кү­шейе­ді деп жатырмыз. Осы орай­да депутаттардың Үкіметке, бас­қа да мемлекеттік органдарға ық­палы жете ме? – Халқымыздың басым көпшілігі қол­дап, референдумда Ата заңымызға ен­гізілген өзгерістерге сәйкес Пар­ла­менттің рөлі артады. Енді осы өз­ге­ріс­тер мен толықтыруларды өмірі­міз­ге енгізу үшін 20-дан астам заң­дар­ды жыл аяғына дейін өзгерістері­мен қабылдауымыз қажет. Қазірдің өзінде Үкімет мүше­лері, Үкімет басшысының орынбасарлары мен министрлер тағайындалмастан бұрын Парламент Мәжілісіндегі тұрақ­ты комитеттерден келісімін ала­ды. Үкімет пен Есеп комитеті өт­кен жыл бюджетінің атқарылуы тура­лы есептерін берді. Ата заңымызға енгізілген өзгеріс­тер­ге сай Есеп комитеті жоғары ау­ди­­торлық палатаға айналғанда, оның төрағасы жылына екі рет Мә­жілісте есеп бергенде, әрине бюд­жет­тің игерілуіне нақты қатаң бақылау орнатылатын болады. – Өзіңіз жақында ел аралап қайт­тыңыз. Халық Конститу­ция­ға өзгерістер енгізу туралы тағы қан­дай ұсыныстар айтты? – Референдум қарсаңында Мәжі­ліс­тегі «AMANAT» партиясы фракция­сы­ның шешіміне сәйкес Батыс Қа­зақстан облысында болып, тұрғын­дар­мен кез­дестім. Осы уақытта 8 ау­дан­да іс-сапарда болып, 20 елді ме­кенде халықпен кездесулерде Ата заңы­мызға енгізілетін өзгерістер мен то­лықтыруларды кеңінен әңгімеле­дік. Орал қаласында 20 мекеме мен өн­діріс орнында болып, әртүрлі са­ла­ның жұмысшылары мен қыз­мет­керлерімен кездесулерде әйелдердің зейнет жасқа шығу шегін төмендету, мем­лекеттік тіл мәселесі, мал жай­лай­тын жер мәселелері және тағы да бас­қа өзекті мәселелер қозғалды. Ал қара­пайым халық жол, ауыз су, газ және ең бастысы ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту үшін мал жайы мә­селелерін көтерді. – Халықтың «AMANAT» партия­сына сенімі қандай екен? – Жыл басындағы Қаңтар оқи­ға­сынан кейін халқымыздың билік­ке, заң шығарушы органға, саяси пар­тияларға сеніміне селкеу түсті. Алай­да Қазақстан Пре­зиденті Қ.Тоқаев­тың халыққа Жол­дауы мен үндеулері, «AMANAT» сая­си партия­сындағы Төра­ғалықтан бас тартып, мүшелік­тен шығуы, ке­ше­гі референдум қоры­тындысы мен ел тұрғын­дары­ның басым көпшілігі «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасын қолдайтын­д­арын білдірді. Кешегі Ре­ферендум қар­саңында облыстарды ара­лағанда бұған көзіміз жетті. – Конституцияға енгізілетін өз­­герістер болашақта еліміздің әлеу­меттік-экономикалық да­муы­­на қандай серпін береді? – Қазақстан халқы тарихи таңдау жа­сап, референдумда Конституцияға өзгерістер енгізілуін қолдады. Конс­титуцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қолдау – «Жаңа Қа­зақстан» тұжырымдамасын қол­дау. Мемлекет басшысы референдум­ға дейін және одан кейінгі үндеуінде азаматтық көзқарасын танытқан халыққа өзінің алғысын айтты. «AMANAT» партиясы фрак­ция­сының мүшесі ретінде өңірлерге ба­рып, негізгі өзгерістер мен толық­тырулар жөнінде халықпен пікір ал­маса жүріп, сайлаушылардың өті­ніш­терін де жинай жүрдік. Пар­ла­мент Төрағасы Е.Қошанов халықтан 20 мыңнан астам өтініш түскенін атап өтті. Алдағы уақытта аталған өті­ніш­тер бойынша жұмыс істеуге дайынбыз. Мемлекет басшысы референдум күнгі өзінің мәлімдемесінде шет­елге заңсыз әкетілген қаражат пен ак­тивтерді қайтару жөнінде ве­домствоаралық жұмыс тобын құра­тынын айтты. Әрине, мұны аз уақыт ішінде орындау қиын. Оны іске асыру­дың белгілі бір заңдық про­цедуралары бар. Бірақ түпкі мақсат айқын – заңсыз әкетілген қаражат пен активтерді кері қайтару. Міне, сол қайтып келген қаржы ел эко­но­микасын, халқымыздың әл-ауқатын арттыруға, тұрмыс жағдайын жақ­сар­туға жұмсалады. Ол қаржылар тез қайтарылса, экономикамыз да тез қал­пына келеді деген сенімдемін. – Конституциялық сот туралы айтсақ. Қарапайым халыққа қан­дай пайдасы бар? – Конституциялық Кеңеске Қа­зақ­стан Республикасы азаматтары ті­ке­лей жүгіне алмайтын еді. Енді Конс­титуциялық сот құрылған соң Қазақстан Республикасы азаматтары бел­гілі бір нормативтік-құқықтық ак­тілер (ережелер, қағидалар және т.б.) оның азаматтық құқықтары мен бостандықтарына кедергі келтірсе (шек­тесе, бұзса), осы нормативтік-құқықтық актілер бөлігі бойынша Конституциялық сотқа тікелей жүгіне алу құқына ие болды. Яғни, әр азамат өзінің конститу­ция­лық құқықтарын Конституция­лық сотқа жүгініп қорғай алады. – Құрылтайдан соң не өзгереді жә­не оны өткізудің мән-маңы­зы­на тоқ­тала кетсеңіз. – Мемлекет басшысы Құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Жаңа Қазақстан де­геніміз – ең алдымен, құндылық­тар­дың жаңаруы. Сондай-ақ қоғам­дағы қарым-қатынас мәдениетінің өзгеруі», – деп атап көрсетті. Яғни, ең бас­тысы – қоғамдағы саяси мәде­ниет­­ті қалыптастыру, сол арқылы хал­қымызды мемлекет басқару ісіне кеңінен тарту. Ұлттық құрылтайда елдік мәселе­лер сөз болды. Жылда өтетін құрыл­тай­да ел дамуының өзекті мәселелері көтеріліп, оны қоғам болып талқы­лап, оның шешу жолдары көрсетіліп отыруы үрдіске айналатынына се­нім­дімін. – Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Арайлым БИМЕНДИЕВА