Қарағандыда жол апатынан 2 адам қаза тауып, 7 бала зардап шекті (ВИДЕО)

Қарағандыда жол апатынан 2 адам қаза тауып, 7 бала зардап шекті (ВИДЕО)

Қарағандыда жол апатынан 2 адам қаза тауып, 7 бала зардап шекті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Қарағанды облысының Нұра кентінің маңында жол апаты болды. Екі көлік соқтығысып, екі жүргізуші де мерт болды, жеті бала зардап шекті деп хабарлады turkystan.kz.   Жол апаты 28 маусым күні сағат 21.45-те болған. Нұра ауылынан 4 шақырым жерде «Жараспай-Нұра» автожолында екі автокөлік соқтығысқан. Полиция департаментінде хабарлағандай, Honda Odyssey  автокөлігінің 58 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, 25 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Volkswagen Golf автокөлігімен соқтығысқан.  width=
«Оқиға орнында Honda Odyssey автокөлігінің жүргізушісі көз жұмды. Volkswagen Golf автокөлігінің жүргізушісі медициналық мекемеде қайтыс болды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, жол апатынан Volkswagen Golf автокөлігінің жолаушылары зардап шекті. 37 және 33 жастағы ерлі-зайыпты және олардың 11, 8, 7, 6, 5 және 2 жастағы балалары, сондай-ақ 19 жастағы әйелдің інісі медициналық мекемеге жеткізілді. Факт полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Караганда | Новости | Дороги (@dorogi_karagandy)