ХХ ғасырдың басында мәдени бетбұрыс жасаған реформатор

ХХ ғасырдың басында мәдени бетбұрыс жасаған реформатор

ХХ ғасырдың басында мәдени бетбұрыс жасаған реформатор
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың жарлығына сәйкес биыл Ахмет Бай­тұрсынұлының 150 жыл­дық мерейтойы жалпыұлттық деңгейде тойланбақ. Былтыр қараша айында ЮНЕСКО-ның Бас кон­ферен­ция­сында ақын, ғалым, түркітанушы, әдебиет зерттеушісі, пуб­­лицист, педагог, аудар­машы, реформатор, қоғам қайраткері Ахмет Бай­тұр­сынұлының 150 жыл­дық мерейтойын атап өту туралы шешім қабылданған бола­тын. Жыл басынан бері Алаш көсемінің мұра­сын дәріптеуге бағытталған іс-шаралар ұйымдас­тыры­лып келеді. Ұлт ұстазының ұрпаққа қал­дыр­ған мұрасын халықаралық деңгейде ұлықтау мақсатында елордада ғылыми конференция өтті. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың жарлығына сәйкес биыл Ахмет Бай­тұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы жалпыұлттық деңгейде аталып өтеді. Былтыр қараша айында ЮНЕСКО-ның Бас кон­ферен­ция­сында ақын, ғалым, түркітанушы, әдебиет зерттеушісі, пуб­лицист, педагог, аудар­машы, реформатор, қоғам қайраткері Ахмет Бай­тұр­сынұлының 150 жыл­дық мерейтойын атап өту туралы шешім қабылданған бола­тын. Жыл басынан бері Алаш көсемінің мұрасын дәріптеуге бағытталған іс-шаралар ұйымдас­тыры­лып келеді. Ұлт ұстазының ұрпаққа қалдырған мұрасын халықаралық деңгейде ұлықтау мақсатында елордада ғылыми конференция өтті. Назарбаев университетінде өткен жиынды Түркі академиясы Қазақ­стан Республикасының Ғылым және жоғар­ғы оқу министрілігімен бірлесіп өткізді. Кон­ференцияда отандық және шетелдік түркітанушы, ахметтанушы ғалымдар, атап айт­қанда, Әзербайжан Республикасы Ұлт­тық Ғылым академиясы Насими атындағы Тіл білімі институты Түрік тілі бөлімінің мең­герушісі, филология ғылымының док­торы Эльчин Ибрахимов, Түрік Респуб­ли­ка­сы Памуккале университетінің про­фес­соры, доктор Нергиз Бирай ғалымның қыз­­метіне және ғылыми еңбектеріне жан-жақ­ты тоқталды. Конференция Ха­лық­аралық Түркі Академиясының «Түр­кі­стан – Түрк елі», «Түркі әлемінің тұғырлы тұл­ғалары», «Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш» атты кітаптарының таныстыры­лы­мы­нан басталды. Осы арада «Ахмет Бай­тұр­сынұлы және Алаш» кітабының қазақ жә­не ағылшын тіліндегі нұсқасының жа­рық көргенін мақтанышпен айта кетуіміз керек. Аталған жинаққа Алаш көсемінің 50 жас­қа толған мерейтойында жасалған та­ри­хи баяндамалар, замандастары, ізба­сар­лары мен жас зерттеушілерінің мазмұнды мақалалары топтастырылған. «Түркістан – Түрк елі» екі томдық эн­цик­лопедиясы түркі өркениеті мен халық­тарының құндылықтарына, көне Түркістан қаласына арналған. Басылымда археоло­гия­лық, архитектуралық, этнографиялық, әде­би-фольклорлық тақырыптар бойынша ғы­лыми-танымдық мақалалар мен мағ­лұматтар топтастырылған. Энциклопедия алуан түрлі карталармен, миниатюра­лар­мен, сызбалармен, фотосуреттермен безен­дірілген. Ғылыми басқосуда сөз алған Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұр­бек: «Тіл білімінің, әдебиеттанудың және оқыту әдістемесінің бастапқы мазмұны Ах­мет Байтұрсынұлының еңбектерінде. Оның сол еңбектердегі ғылыми тұжырым­дары мен қорытындылары әлі күнге дейін оқыту үдерісінде де, ғылыми бағытта да кеңі­нен қолданылуда. Қазіргі кезде әліпби түзу­де, терминжасамда немесе тіл үйрету үде­рісінде біз оның еңбектеріне соқпай ке­те алмаймыз. Өйткені ол – негіздердің не­гізін жасаған аса көрнекті оқымысты, ағар­тушы ғалым», – деп атап өтті. Министрдің айтуынша, қыркүйек, қа­зан айында ТҮРКСОЙ аясында Түркия мемлекетінің астанасы Ыстанбұл қаласында түркі мемлекеттерінің үлкен жиы­ны өтіп, Анкара қаласында Ахмет Бай­тұрсынұлының ескерткіші ашылады. Қара­шада отандық және шетелдік зиялы қауым өкілдерінің, қоғам қайраткерлерінің қа­тысуы­мен ЮНЕСКО-ның Париж қала­сын­дағы штаб-пәтерінде дөңгелек үстел өткі­зіл­мек. Ал жыл соңында игі бастаманы қоры­тындылау мақсатында Түркістан қа­ла­сында түркологиялық конгресс өткізіле­ді. Ол конгреске халықаралық сарапшылар қатысады. Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі: «Бү­гінгі жиынның мәні бөлек, орны ерек. Өз­деріңіз білесіздер, Ахаң – алғашқы Оқу-ағар­ту министрі және Түркі ынтымақ­тас­ты­ғының бастауында тұрған алып тұлға. Сол себепті бүгін біздің бауырлас елдердің бі­лім министрлері қатысып отыр. Ахмет Байтұрсынұлы кезінде өзі ұйытқы болып шығарған оқулықтарды қайта жаңғырттық. Соның ішінде Түркі әлемінің ортақ тарихы, әдебиеті, географиясы оқулықтары бар. Ен­ді бұл оқулықтар академияға мүше бар­лық мемлекеттердің 7-8 сынып оқу­шы­лары­на оқытыла бастайды. Демек, бұл – Ахмет Байтұрсынұлының идеялары біздің ми­нистрлеріміз арқылы жүзеге аса бастады деген сөз. Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбек өз кезегінде: «Біз де алдағы уа­қытта Ахмет Байтұрсынұлының 150 жыл­дық мерейтойын пайдалана отырып ко­митеттің жұмысын жандандырамыз. Жаңа құрылып жатқан министрліктің құ­рам-құрылымын өзгерту үстіндеміз. Менің жаңа министр ретінде ана тіліміздің линг­вис­тикалық корпус, цифрлық кеңістік тұр­­ғысынан үлкен жұмыс күтіп тұғанын ай­та­мын», – деп министрліктің алдағы жұ­­мыс-жоспарын, бағытын тілге тиек етті. Халықаралық ғылыми кеңістікте, түркі әлеміндегі гуманитарлық ғы­­лымдар саласында Байтұрсынұлының ре­формалық идеялары өзектілігін жойған жоқ. Ұлт ұстазының еңбегінің негізінде түр­­кі халықтары өз жазуларын қалып­тас­тыр­ғанын дәлелдейтін зерттеулер бар. Мә­селен, Оксфорд университетінің Орта­лық Азияны зерттеу орталығы Ахмет Бай­тұрсынұлын ХХ ғасырдың басындағы мә­дени бетбұрыс жасаған реформатор деп ба­ға берген. Қырғыз Республикасының Білім жә­не ғылым министрі Алмазбек Бей­ше­на­лиев өз баяндамасында: «А.Байтұр­сынұлы­ның мерейтойы бізге тарих алдын­да­ғы асыл жауапкершілігімізді, халыққа қыз­мет етудің қасиетті дәстүрін еске са­ла­ды», – деп өз ойын білдірді. Ал Әзербайжан Республикасының Бі­лім министрі Эмин Амруллаев: «Қазақ хал­­­­қының қоғамдық және мәдени оянуына қызмет еткен көрнекті қоғам қайраткері, ағартушы және лингвист А.Байтұрсынұлы­ның қызметі түркі әлемінің бай мұрасының жарқын үлгісі», – деп атап өтті. Алаштың ардақты ұлы, ұлт ұстазы Ах­мет Байтұрсынұлын өскелең ұрпақ жа­дын­да мәңгі қалдыру, өнегелі өмірін үлгі ету – парыз. Тағдырдың тезіне түсіп, өмір­дің ең ауыр өткелдеріне тап болса да өз за­ма­нының ағысына қарсы тұрған қайрат­кер қанша ұлықталса да артық емес. Ірі реформатордың ұлт тарихында атқарған жан-жақты істерін жаңа қырынан таныта­тын еңбектер жарыққа шықса, құба-құп болар еді.