«Денесі әлі табылмады»: Ақсудағы қайғылы оқиғаға қатысты видео жарияланды

«Денесі әлі табылмады»: Ақсудағы қайғылы оқиғаға қатысты видео жарияланды

«Денесі әлі табылмады»: Ақсудағы қайғылы оқиғаға қатысты видео жарияланды
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде Түркістан облысы Төлеби ауданындағы қайғылы оқиғадан бірнеше минут бұрын түсірілген видео тарады деп хабарлады turkystan.kz  otyrar.kz-ке сілтеме жасап. Видеода Шымкент медицина академиясында оқитын шетелдік студенттер ән айтып, би билеп жатқанда достары суға кетіп қалады-ау деп күдіктенбегені көрініп тұр. Бір топ жас жігіттің Ақсу шатқалындағы өзенде көңіл көтеріп, үнді әуеніне билеп жатқаны анық көрінеді. Сол мезетте достарын ағыс алып кеткенін байқамай қалған. Жас жігіт ағысқа қарсы жүзуге тырысқан. Бірақ қатты ағыс оны одан әрі иірімге тартып кетеді. Суға батып бара жатқан студентті байқаған достар қол ұстасып, көмектесуге тырысады. Осыдан кейін видео үзіледі. Қайғылы оқиға 26 маусым күні сағат 16.00 шамасында болған. Шымкенттегі медициналық академияда білім алған Үндістаннан келген екі студент Ақсу шатқалында суға ағып кетті. Екі студенттің денесі әлі табылмады. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен сүңгуірлердің жұмысына Ақсу шатқалының тереңдігі, өзеннің өткел бермейтіндігі қиындық тудырып жатыр.