Тұрғындарды тегін емдейтін пойыз жолға шықты
Тұрғындарды тегін емдейтін пойыз жолға шықты
Бүгін «Саламатты Қазақстан» мамандандырылған медициналық пойызы Жетісу облысының тұрғындарын Айнабұлақ станциясында қабылдай бастады деп хабарлады turkystan.kz.
Пойыз 1-2 шілде аралығында Көксу, 3-4 шілде Егінсу, 5-6 шілде Бескөл, 7-8 шілде Жайпақ, 9-10 шілде Достық станцияларына барады. Медициналық пойыздың тәжірибелі мамандары жергілікті тұрғындарға арнайы вагондарда тегін медициналық көмек көрсетеді.
Консультациялық-диагностикалық пойыздың мамандары 853 тұрғынды, оның ішінде 115 бала, 738 ересекті тексерді, ал дәрігерге қаралғандардың жалпы саны – 853.
Медицина қызметкерлері мүмкіндігінше көп пациент қабылдауға, оларды тексеруге, әрі емдеуге және қажет болған жағдайда аудандық немесе облыстық ауруханаларға жіберуге тырысады.
Ең көп өтініш ЖПД, терапевт дәрігеріне келіп түсті: 636 пациент, бұдан әрі офтальмолог және құлақ дәрігеріне – 585 пациент, сондай-ақ хирург – 296 пациент. Медициналық пойыздың кабинеттерінде барлығы 395 ЭКГ, 432 УДЗ және 224 флюорография процедуралары жүргізілді. Сондай-ақ 111 кішігірім хирургиялық операция жасалды.
Алматы тұрғындары медициналық пойыздың қызметкерлеріне тегін көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді.
«Адамдарға көмектесетін осындай жоба үшін үлкен рақмет. Мен көршілерімнен медициналық пойыздың келгенін және денсаулығымды тексертуге мүмкіндік бар екенін естідім. Медициналық пойызда өз зертханасы мен жүректің УДЗ-сы, яғни біз үшін ең қажеттінің бәрі бар екен», – деді Байсерке ауылының тұрғыны Оралхан Саменсалиева.
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Жетісу облысынан кейін Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды және Ұлытау облыстарының станциясы бойынша бағытын жалғастырады.
Естеріңізге сала кетейік, «Жәрдем» медициналық пойызы 23 мамырда жолға шығып, алдымен Маңғыстау облысына барды. Қазір пойыз Ақтөбе облысында, онда 22 шілдеге дейін тұрады.