Құмар Ақсақалов Петропавл әкімінің отставкасына қатысты пікір білдірді

Құмар Ақсақалов Петропавл әкімінің отставкасына қатысты пікір білдірді

Құмар Ақсақалов Петропавл әкімінің отставкасына қатысты пікір білдірді
ашық дереккөзі
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Петропавлдың бұрынғы әкімі Болат Жұмабековтың отставкаға кету себебін түсіндірді деп хабарлады turkystan.kz. Оның айтуынша, қала басшысын қызметінен кетуге ешкім мәжбүрлемеген.
«Әкімнің отставкасы ТЭЦ-пен байланысты емес. Ол үш жарым жұмыс істеді. Бұл – өз еркімен қабылдаған шешімі», – деді Құмар Ақсақалов.
Болат Жұмабековтың қаладағы шешілмеген мәселелер үшін жауапкершіліктен құтылып кетуі мүмкін бе деген сұраққа жауап беріп, Петропавл қаласы әкімінің шешіміне қарсы тұра алмағанын айтты.
«Мен жұмыс істегісі келмейтін адамды қалай ұстап қаламын? Әр қаланың өз мәселесі бар. Олар кезең-кезең бойынша шешіледі. Жақында қалаға жаңа әкім тағайындаймыз», – деді Құмар Ақсақалов.
Айта кетсек, 22 маусымда Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков өз еркімен отставкаға кеткен еді.
«Бүгін мен отставкаға кету туралы шешім қабылдадым. «Үш жыл ішінде біз бірлесіп көптеген сынақтардан өттік: карантин, қаланың жабылуы, қаңтардағы оқиғалар, ТКШ және құрылыс бойынша көптеген мәселелер. Осы кезеңдерде қалалық әкімдіктің барлық командасы өздерін кәсіби жағынан көрсетті», – деді Петропавлдың бұрынғы әкімі Болат Жұмабеков.