Жол апатынан бір үйдің 5 адамы жарақат алды

Жол апатынан бір үйдің 5 адамы жарақат алды

Жол апатынан бір үйдің 5 адамы жарақат алды
ашық дереккөзі
Ақтөбеде жеңіл және жүк көлігі соқтығысып, салдарынан ерлі-зайыпты мен үш баласы ауруханаға түсті деп хабарлады turkystan.kz. Оқиға Самара-Шымкент тас жолының Ырғыз ауданы, Құмтоғай ауылы маңында болды. Мersedes AMG автокөлігінің 55 жастағы жүргізушісі қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып, DAF жүк көлігімен соқтығысқан. «Салдарынан Мersedes AMG автокөлігінің жүргізушісі, әйелі мен кәмелетке толмаған үш баласы (2020, 2014, 2012 жылы туған) түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жатқызылды. Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция департаменті шаршаған жүргізуші жолдағы қауіптің көзі екенін еске салады», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.