Жаңалықтар

Биыл әлем бойынша 74 журналист қаза болған

ашық дереккөзі

Биыл әлем бойынша 74 журналист қаза болған

Биыл әлем бойынша 74 журналист қаза болған, деп хабарлады «Репортеры без границ» құқық қорғау ұйымы. Бұл туралы Ресейдің Интерфакс агенттігі хабарлады. Ең көп журналист қаза болған ел өткен жылдағыдай Сирия болып отыр. Бұл елде 19 тілші мерт болған. Ауғанстанда — 10, Мексикада — 9, Иракта — 7, Йеменде 5 журналист көз жұмды. Құқық қорғау ұйымы өкілдерінің мәліметтерінше, 2016 жылы қаза болған тілшілердің 9-ы блогер, 8-і бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеп жүрген азаматтар болатын. «Журналистерге қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері күн өткен сайын әдейі ойластырылатын болып бара жатыр», — деді «Репортеры без границ» ұйымының бас хатшысы Кристоф Делуар. «Олардың көпшілігі сол журналист болғандары үшін өлтірілгені айдан анық», — деп қосты ол. 2015 жылмен салыстырғанда қаза болған журналистер саны едәуір қысқарған. Алдындағы жылы 101 тілшінің қаза болғаны туралы айтылған еді.