Талдықорғанда Қаратал өзені ерекше түске боялды

Талдықорғанда Қаратал өзені ерекше түске боялды

Талдықорғанда Қаратал өзені ерекше түске боялды
ашық дереккөзі
Қаратал өзеніне белгісіз зат төгіліп, су ерекше түске боялды деп хабарлады turkystan.kz. Алматы облысы бойынша Экология департаменті боялған суды Талдықорған қаласының Өтенай ауылдық округінен 12-13 шақырым жерде Қаратал өзенінің жағасынан анықтады. Экологтар полиция, прокуратура, әкімдік, азаматтық қорғау қызметкерлерімен бірге азамат А.Лучкиннің өтінішінен кейін оқиға орнына барды.
«Зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің мамандары Қаратал өзенінің жағасынан және белгісіз майға ұқсас заттың төгінділері орнынан химиялық талдау жүргізу үшін су сынамаларын алды», – деп хабарлады Экология департаменті.
Кінәлі тұлғаны анықтау үшін полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.